Бас ауруына бәріне үйреншікті иістер себеп болуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас ауруына бәріне үйреншікті иістер себеп болуы мүмкін

Бас ауруына бәріне үйреншікті иістер себеп болуы мүмкін

Медицина қызметкерлері кейбір иістердің бас ауыртуы мүмкін деп ескертеді. The Daily Mail-дің жазуынша, бұл «қара тізімде» пияз бен сарымсақ бар.

  • 31 Желтоқсан 2013
  • 685
Фото - Caravan.kz

Дәрігер Николос Сильвердің айтуынша, сонымен бірге, әтір, аэрозоль, көліктерге арналған ауа тазартқыш құрал, асүйлердің иісі, тазалайтын құралдардың иістері мен темекі түтіні қауіпті.

Бас ауруымен ауыратындардың 50 пайызы белгілі бір иістерге сезімтал. Жағымсыз иісті иіскегеннен кейінгі бірнеше минуттардан соң бас ауыра бастайды. Негізінен бұл әйел адамдарға қатысты. Аталған жағдай кейде осмофобияға — иістерден қорқуға алып келеді.

Иістер иіс сезімі мен көңіл-күйге жауап беретін ми аймақтарына әсер етеді. Олар сонымен бірге, үш тармақты жүйкені қабынуға ұшыратуы мүмкін. Тағы бір айта кетерлігі, иіс өзінен өзі қан тамырының жиырылуына әсер етуі мүмкін.