Бас прокуратура арнайы жасөспірімдер қадағалау органын құруды ойластыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас прокуратура арнайы жасөспірімдер қадағалау органын құруды ойластыруда

Бас прокуратура арнайы жасөспірімдер қадағалау органын құруды ойластыруда

 Бас прокуратура жасөспірімдер туралы заңның пайдаланылуын қадағалауды ұйымдастыру бойынша арнайы бөлімше құруды жақтайды.

  • 10 Желтоқсан 2014
  • 298
Фото - Caravan.kz


«Прокурорлар балалар мен жетімдердің мүліктік құқығын қорғауды жақтайды. Биыл прокуорлық тексеру барысында балалардың банктік шоттарындағы ақшаға қол сұғу, баспанадан заңсыз айыру, жәрдемақыны дұрыс алмау және т.б. фактілердің беті ашылды», — деп бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко бүгін Астанада Халықаралық адам құқығын қорғау күніне арналған «Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының құқық қорғау қызметі» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» отырысы барысында атап көрсетті.
Оның айтуынша, прокуратура органдары баспананы қажет ететін 4 мың жетім баланы жергілікті атқару органдарына есепке қоюды қамтамасыз етті. «Бұл бағытта прокурорлық қадағалауды күшейту үшін біз арнайы жасөспірімдер прокуратураларын құру туралы ойластырудамыз», — дейді ол.