«Үй салушылардың басым бөлігінің өтемақы алуы неғайбіл, өйткені, олар қолдарындағы құжаттарды жерді сатып алудың заңсыздығын біле тұра алып, бұл қадамға қасақана барды», — деді С. Нұрпейісов журналистер сауалына берген жауабында. «Әрине, егер бұл дәлелденіп жатса, олар ешбір өтемақы ала алмайды», — деді ол.
Сонымен бірге, С.Нұрпейісовтың атап көрсеткеніндей, өтемақы төлеу мәселесі сот органдары арқылы ғана шешіледі. «Әр азамат онда өздерінің ісінің дұрыстығын дәлелдеп берсін», — деп атап өткен ол бас прокуратура тарапынан бүгінгі күні журналистерге хабарлай алатын жалғыз нәрсе осы екенін жеткізді. «Ал деректер мен тексеру нәтижелері артынан хабарланады», — деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті