Парламент мақұлдаса, кәмілеттік жасқа толмағандарға сексуалдық сипатта қысым көрсеткендер енді шекарадан бері өте алмайтын болады. Өйткені шетел асып келіп арам ойын іске асырған педофилдер де қаптаған. Бұдан бөлек, прокурорлар азғындарды піштірумен қатар, оларды интернет арқылы бақылауға алмақ. Яғни, жасөспірімдерге жыныстық қатынас жайында жазып, кездесуге шақырса полиция сол адамды бірден тұтқындауға құқы бар.
Жалпы, былтырдың өзінде мыңға жуық бүлдіршін педофилдерден жәбір көрген екен.
Андрей Кравченко, ҚР Бас прокурорының орынбасары:
-Ең әуелі адам зорлағандар мен педофилдерге қатысты жазаны барынша күшейту керек. Кейін олардың аты жөнін жариялау керек. Көршілері қарасын, таныстары білсін.Бақылау күшейтілгенде, ол кезекті рет қылмысқа бармайды деп ойлаймыз.