Оның айтуынша, өз міндеттемелерін орындауға ықылас танытпай іс жүзінде үлескерлерді алдап соққан құрылыс компанияларына ең қатаң шаралар қолданылады. «Қазіргі таңда сегіз қылмыстық іс қозғалған. Және процессуалдық шешім қабылдау үшін сегіз іс қаржы полициясының органдарына берілген», — деп атап көрсетті бас прокурордың орынбасары.
Сонымен бірге, бас прокуратура үлескерлерге барынша көмектесіп, олардың қаражаттарын қауіпсіздендіруге тырысады, деп атап өтті А. Дауылбаев. «Біз өз құқықтарын қорғаулары үшін үлескерлерге барынша көмектесеміз. Үлескерлерді алдаған құрылыс компаниялары жауапкершілікке тартылып, ал олардың мүліктерінің барлығы үлескерлер мен мемлекет пайдасына тәркіленеді», — деп сөзін түйіндеді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті