Жарияланды: 30

Бас санитар дәрігер карантин туралы қаулыға өзгеріс енгізді

Бас санитар дәрігер карантин туралы қаулыға өзгеріс енгізді

Ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық шараларды өткізуге сол күйі тыйым салынып отыр.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Елордада қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты түнгі 24.00-ге дейін ұзартылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында айтылған.

Дәмхана, мейрамхана, барлар мен асханаларда ғимараттың ішінде және жазғы алаңда орын саны 30-дан аспауы тиіс.

Үстелдер арасында кемінде екі метр ара қашықтық сақталуы қажет. Бір үстелде 4-6 адамнан артық отыруға болмайды.

"Жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 24.00-ге дейін белгіленіп ұйымдастырылсын", - делінген құжатта.

Ал тұрғын үй ғимаратында орналасқан тамақтану орындары жұмыс және демалыс күндері 9.00-ден 22.00-ге дейін істейді.

Ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық шараларды өткізуге сол күйі тыйым салынады.

Адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметі, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, туроператорлары бар бизнес орталықтарға жұмыс күндері ғана емес, демалыста да 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Сонымен қатар, "Хан Шатыр" сауда орталығындағы жағажай клубында бассейннің жұмысы жанданды. Су аттракциондары іске қосылған жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін