Жарияланды: 1000

"Бәсекелестік туралы" жаңа заң жобасындағы монополиялық ең жоғары және ең төмен бағаларды анықтау әдістемелерінің өзгеруі әділетті - "Атамекен"

Астана. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның "Атамекен" ұлттық экономикалық палатасы "Бәсекелестік туралы" жаңа заң жобасындағы монополиялық ең жоғары және ең төмен бағаларды анықтау әдістемелерінің өзгерісін әділетті санайды. Бұл туралы бүгін аталмыш заң жобасы талқыланған "дөңгелек үстел" барысында палата төрағасының орынбасары Екатерина Никитинская мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Монополиялық жоғары және төмен бағаларды анықтау әдістемелерінің өзгеруі принциптік тұрғыдан аса маңызды. Біз осы заң жобасында айтарлықтай әділетті қағидалар енгізілген деп есептейміз. Біз бұл тақырыпты көп талқылаған едік", - деді Е. Никитинская. Ол осы заңда монополиялық баға ретінде осы нарыққа тәуелсіз қатысушыда бар ең жоғарғы бағадан ауытқу немесе ол ауытқу болмаған жағдай танылатынын нақтылады. Ең жоғарғы баға дегеніміз осы өнім түрін өндіру мен сату үшін қажетті шығын мен табыстан асып кету. "Монополиялық төмен баға үшін бұл талаптар керісінше қабылданады. Осындай мәмілелер мен бағаның осындай анықтамасы халықаралық қаржылық есептің қазіргі стандарттарына сай келеді және бәсекелестікке қарсы оқиғаларды тергеу кезінде әділеттілік талаптарына толығымен жауап береді деп есептейміз", - деді "Атамекен" басшылығының өкілі. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін