Бұл туралы үкіметтің сейсенбідегі отырысында Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасы Болатбек Қуандықов мәлім етті.
Оның айтуынша, агенттік әдістемелік нұсқаулық жобасын әзірлеуге кірісіп те кеткен көрінеді.
Нұсқаулыққа 2009 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы әзірлеген құжат пен Ресейдің осы бағыттағы тәжірибесі негіз болып отыр.
Сонымен қатар, Б.Қуандықов үкімет басшысынан «агенттіктің ымыраластыққа қарсы күрес саласындағы өкілеттігін арттыруды» сұрады.
Премьер-министр Серік Ахметов БҚА-нің өкілеттігі кеңейтіліп, ол бәсекелестік ортаны дамыту құралына айналуы тиіс екендігін атап өтті.