Бәсекелестікті қорғау агенттігі жетекшілік орнын асыра пайдаланып, баға бойынша сөз байласқан нарықтың 29 субъектісін анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бәсекелестікті қорғау агенттігі жетекшілік орнын асыра пайдаланып, баға бойынша сөз байласқан нарықтың 29 субъектісін анықтады

Бәсекелестікті қорғау агенттігі жетекшілік орнын асыра пайдаланып, баға бойынша сөз байласқан нарықтың 29 субъектісін анықтады

Астана. 21 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Мониторинг және онан кейінгі талдау нәтижесінде жетекшілік орнын асыра пайдаланып, баға бойынша сөз байласқан нарықтың 29 субъектісі анықталды. Бұл туралы күзгі жиын-терім жұмыстары кезінде астықтың тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және ауыл шаруашылық өнімін өндірушілерді дизельдік жанармаймен қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі үкімет кеңесінің барысында Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Мәжит Есенбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 21 Шiлде 2008
  • 495
Фото - Caravan.kz

Премьер-министр Кәрім Мәсімов М. Есенбаевқа тиісті шаралар қабылдау және жолсыздыққа тосқауыл қою бойынша Бәсекелестікті қорғау агенттігінің жұмысын жандандыруға тапсырма берді.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Бәсекелестікті қорғау агенттігі Қазақстанның мұнай өнімдерінің нарығындағы 30 ірі ойыншыны тексеріп жатыр.

Бәсекелестікті қорғау агенттігінің нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерін анықтау департаментінің директоры Рахат Тұрсыновтың ақпаратына сүйенсек, тексеріліп жатқан компаниялардың арасындағы ең ірілері — «ҚазМұнайГаз» сауда үйі, «Гелиос», PetroKazakhstan сауда үйі, сондай-ақ, Атырау, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары болып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті