Баскетболшы Нанаевтың өліміне қатысты сот ісі қайта қаралды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баскетболшы Нанаевтың өліміне қатысты сот ісі қайта қаралды

Баскетболшы Нанаевтың өліміне қатысты сот ісі қайта қаралды

Баскетболшы Игорь Нанаевтың өліміне қатысты іс жалғасын тапты. 5 сотталушының төртеуі: Жанбатыр Әскеров, Олжас Еламан, Бауыржан Мақатов

  • 13 Маусым 2017
  • 248
Фото - Caravan.kz

Баскетболшы Игорь Нанаевтың өліміне қатысты іс жалғасын тапты. 5 сотталушының төртеуі: Жанбатыр Әскеров, Олжас Еламан, Бауыржан Мақатов және Әділ Меңдібаев сот шешімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірген болатын. Олардың төртеуіне де 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған еді. Петропавл қалалық сотында, атышулы іс қайта қаралып, соңғы нүктесі қойылды, деп хабардайды Baq.kz тілшісі.

Игорь Нанаевтың өліміне қатысты істің қайта қаралуына қорғаушылар, БАҚ өкілдері мен айыпталушылардың туғандары келді. Сәуірдің 17-і күнгі сот үкімімен келіспеген Жанбатыр Әскеров, Бауыржан Мақатов, Әділ Меңдібаев және Олжас Еламан сотқа апелляциялық шағым түсірген болатын. 15 томдық істі 36 отырыс бойы қарастырған алғашқы сот үкімі, оларды адам өлтіру фактісі және қоғамдық орында бұзақылық жасау бойынша 8 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Бірақ, қорғаушылар да, ата-аналары да, айыпталушылардың өздері де «нақақтан нақақ сотталып барамыз, төбелесті айыпталушылар емес, жәбірленуші Антроповтың өзі бастаған» деп отыр.

«Егер ол өзі бастамаса, кикілжің болмас еді. Әскеров өз шағымында ол жайында толық жазды. Меңдібаев екеуі қыздармен клуб алдында темекі шегіп тұрған кезде, жандарына Антропов мас күйде келіп темекі сұрайды. Олар берген. Кейін Антропов қыздарды құшақтап өзімен шетке әкете бастайды. Бұл жерде әр ер адамның намысы ойнайды ғой. Меңдібаев: «тиіспе, ол қыздар бізбен» деген. Бірақ, Антропов дөрекі жауап қайтарған. Сот барысында куәгерлер де, жәбірленушілер де араларында қандай диалог болғанын айтқан жоқ. Тек айыпталушылар ғана араларындағы әңгімені толық жеткізді», — дейді адвокат Мұрат Жеңісұлы.

Сот отырысы барысында әр қорғаушы өз дәлелдерін келтіріп, Игорь Нанаевты Димаш Қайбаров қана соққыға жыққанын алға тартты. Айта кету керек, Димаштың өзі де Игорьді жалғыз ұрғанын айтқан болатын. «Игорь Нанаев, кәсіпқой баскетболшы, ал Димаш Қайбаров бір кездері қоян-қолтық ұрыстан нұсқаушы болған. Сондықтан, оның соққылары қатты, дәл тигізген бір-екі жұдырық, Нанаевты есеңгіретіп жіберген және Игорь құлағанда бар салмағымен шалқасынан түскен» дейді Жанбатыр Әскеровтың қорғаушысы. Сондай-ақ, куәгерлер де әр түрлі жауап бергені айтылды.


«Петропавл қалалық сотының 2017 жылғы 17 сәуірдегі шешімі өзгеріссіз қалды. Қаулы заңды күшіне енді. Петропавл қалалық сотының үкімімен Қайбаровқа жалпы режимдегі түзету коллониясында 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Мақатов, Әскеров, Меңдібаев, және Еламан жалпы режимдегі түзету коллониясында 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», — деді судья Владимир Кирилленко.

Істің ақ-қарасын ұзақ уақыт бойы тексерген апелляциялық сот, соңғы шешімді шығарды. Қорғаушылардың келтірген дәйектеріне қарамастан, алғашқы үкім өзгеріссіз қалдырылды.

Соңғы жаңалықтар