Баспалдақта мүгедекті арбасымен қоса көтеріп алып жүргендер жұртты шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баспалдақта мүгедекті арбасымен қоса көтеріп алып жүргендер жұртты шошытты

Баспалдақта мүгедекті арбасымен қоса көтеріп алып жүргендер жұртты шошытты

Желіде арбаға таңылған мүгедек әкесін емхананың жоғарғы қабатына қалай шығарғаны жайлы  видео тарады, деп хабарлайды Caravan.k

  • 30 Наурыз 2017
  • 668
Фото - Caravan.kz

Желіде арбаға таңылған мүгедек әкесін емхананың жоғарғы қабатына қалай шығарғаны жайлы  видео тарады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Оны Ксения Гордиенко есімді азаматша жүктеген. Оның жазбасына қарағанда оқиға Алматы қаласындағы №11 емханада орын алыпты. Сал ауруына шалдыққан I-топтағы мүгедек әкесіне 4-ші қалалық ауруханада ота жасату үшін алдымен рентгенге түсіру қажет болған. Ол екінші қабатта орналасқандықтан жоғарыға шығуға мәжбүр болады. Автор "қысқаша айтқанда осы жолдың өзін тозақтан өткендей болдық",- дейді.

Видеода мүгедек жандардың шығып-түсуі үшін ешқандай жағдай жасалмағаны анық көрінеді.

«Емханада тек әйелдер жұмыс істейтіндіктен өз күшімізбен әкемізді арбамен көтеріп-түсіруге тура келді. Құлап қалмас үшін аяғын арбаға байлап қойдық. Билік өкілдерінің шарасыздығына назар аударуды сұраймын. Ауруларға жағдай жасалса екен»,- депті Гордиенко.