Басшысына жақпаған қызметкерлер жаппай жұмыстан қуылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Басшысына жақпаған қызметкерлер жаппай жұмыстан қуылуда

Басшысына жақпаған қызметкерлер жаппай жұмыстан қуылуда

Алматыда тұрғылықты мекені жоқ жандарды бейімдеу орталығының қызметкердері наразылыққа шықты. 30-ға жуық адам мекеменің жаңадан тағайымдалған директорына қарсы. Айтуларынша, басшы келе салысымен мекемеде қудалау басталып, 17 адам қызметінен кеткен. Бірақ басшы мұны прокурорлық тексерумен түсіндіріп отыр. 

  • 27 Ақпан 2014
  • 284
Фото - Caravan.kz

Бұл — Алматыдағы қаңғыбас жандарды бейімдеу орталығының еңбеккерлері. Қорықпай, мекеме ішілік былықты айтуға шыққан. Сөздеріне сенсек, жаңа жылдан бастап келген басшы жаппай қудалауды бастапты.    

Тілек Бақтыбек, Бейімдеу орталығының қызметкері:

-17 адамның жартысын күшпен, жартысын еркінен тыс мәжбүрлеумен кетті. Енді ол кезек бізге де жетті.  

Гүлмағи Кенжебаева, Бейімдеу орталығының қызметкері:

— Мені күшпен жазғызып шығарғалы жатыр. Көбінде директордың орынбасары – Сапақова Бақытнұр. Соның қылығымен мен осындай халге жетіп отырмын.

Десе де қысқартуға ілікпегендердің де жағдайы мәз емес көрінеді. Мәселен, көбінің жалақысы қысқартылса, енді бір тобының қызметтік дәрежесі төмендетілген.

Светлана Перцова, Бейімдеу орталығының қызметкері:

— Мен фельдшер болатынмын. Бірақ мені жай медбике қатарына түсіріп тастады. Кей қыздарды тіпті санитар, еден жуушыға дейін түсірді. 13 жылғы еңбегімізді де ескерместен. Алатынымыз небәрі 30-40 мың теңге. Оны да қысқартуда.

Жиын кейін басшының кабинетінде де жалғасты.Ал жаңа директор міндетіне кіріскен Бақытжан Жанбаев, 17 адамның жұмыстан шығуына дипломдарының жоқтығы себеп болғанын айтады.  


Бақытжан Жанбаев, Бейімдеу орталығының директоры:

-Бұл жерде бізге дейін көп былық орын алыпты. Ол прокуратураның берген анықтамасында айтылған. Әлемеуметтік қызметкер болып істеу үшін мұғалімдік білім керек. Екінші талапқа дипломы сай болуы керек.

-Десе де бұл шу осымен аяқталмайтын тәрізді. Өйткені ішкі ұрыстың ушыққаны сонша басшы қызметкерлерді, ал қызметкерлер басшыны сотқа бермек. Қазірдің өзінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне қос тарап та шағым әзірлер отыр.