Қаулының мәтінін Қазақстанның вице-премьер Өмірзақ Шүкеев оқып таныстырды. «Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесе отырып «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқармасының төрағалығына Андарь Шукпутовты сайлауды қамтамасыз ету тапсырылсын». Вице-премьердің түсіндіруінше, Андарь Шукпутов 1958 жылы дүниеге келген, осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Әзербайжан республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып қызмет атқарған.
Өз кезегінде Андарь Шукпутов «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының «осы институттың алдына қойылған маңызды және амбициялық міндеттерді шешуде басты орын алуына» барлық күш-жігерін салатындығына уәде берді.
Аталмыш қаулыға министрлер кабинетінің мүшелері бір ауыздан дауыс берді.
Бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Каспий», «Тобол» және «Батыс» — үш әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация құру туралы жарлыққа қол қойған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті