Дзюдошы Арай Арапов елордадағы Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дзюдошы Арай Арапов елордадағы Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

Дзюдошы Арай Арапов елордадағы Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошы Айдар Арапов Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қола жүлдегер атанды.

  • 10 Мамыр
  • 3
Фото: Olympic.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Отандасымыз 90 келіге дейінгі салмақта жүлдегер атанды.

Айдар қола медаль үшін өткен белдесуде нидерландтық Франк де Витпен күресті. Нәтижесінде жерлесіміз басым түсті.

Осылайша, ұлттық құрама қоржынында бес медаль бар. Бұған дейін Жалғас Қайролла (81 келіге дейін) алтын алса, Талғат Орынбасар (60 келіге дейін) күміс, Шерзод Давлатов (60 келіге дейін) және Аңсарбек Ғайнуллин (73 келіге дейін) қола медаль алған еді.