«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінің 800 шақырымнан астам бөлігі қайта қалпына келтірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінің 800 шақырымнан астам бөлігі қайта қалпына келтірілді

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінің 800 шақырымнан астам бөлігі қайта қалпына келтірілді

Халықаралық «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінің 1721 шақырымы жөнделді. Соның ішінде 806 шақырымы 2013 жылы қайты қалпына келтірілді, деп хабарлайды Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

  • 12 Желтоқсан 2013
  • 349
Фото - Caravan.kz


Атап айтсақ, биыл Қызылорда облысы аумағында 254 шақырым, Оңтүстік Қазақстан облысында 224, Жамбыл облысында 188, Ақтөбе облысында 104 шақырым жол салынды.

Сонымен қатар, 2014 жылы аталған облыстарда 179 шақырымдағы құрылысты аяқтап, оны пайдалануға беру жоспарланған. Бұған Ақтөбе облысы кірмейді. Өйткені, онда халықаралық көлік дәлізін қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталған. Сондай-ақ, алдағы жылы халықаралық көлік дәлізінің Шымкент қаласы мен Ресей Федерациясы шекарасына дейінгі бөлігі, Тараз бен Алматы аралығындағы бөлігі пайдалануға берілуі тиіс.