Батыс Қазақстан облыстық энергетиктер төтенше жағдай режимінде жұмыс істеуде - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облыстық энергетиктер төтенше жағдай режимінде жұмыс істеуде

Батыс Қазақстан облыстық энергетиктер төтенше жағдай режимінде жұмыс істеуде

Батыс Қазақстан облыстық энергетиктер төтенше жағдай режимінде жұмыс істеуде. Бұл туралы Батыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясынан (АЭК) хабарлады.

  • 6 Қаңтар 2004
  • 445
Фото - Caravan.kz

Облыстық АЭК мамандарының мәліметіне сүйенсек, төтенше жағдай электр жалғастыру желілерінде мұз қату салдарынан қалыптасқан. Ауа температурасының шұғыл құбылуы салдарынан желіні бойлай түзілген мұздың салмағын көтере алмай өткізгіш сымдар атылып, қысқаша тұйықталу құбылысы орын алуға байланысты тоқ беру жұмысы тежелуде.

Қазіргі жағдаймен осындай күрделі ахуал облыстың Қаратөбе және Шыңғырлау аудандарында түзіліп отыр. Мұнда электр қуаты іркіліспен беріле бастады.
Тұтастай алғанда облыстық АЭК 25 мыңнан астам шақырым электр желілерін пайдаланады.
Батыс Қазақстан облыстық аймақтық энергетикалық компаниясындағылардың хабарлауынша, төтенше жағдайлардың алдын алу шарасына кәсіпорынның барлық қызметкерлері жұмылдырылған. Желілерді бойлай өткізгіш сымдарда қатқан мұздарды жою жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар