Батыс Қазақстан облысында 120 тоннадан астам мұнай өнімдерін ұрлаған алты тұрғын сотталды
![]() |
Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының N2 соты «Жайықмұнай» ЖШС құбырынан мұнай ұрлаған алтын тұрғынға жаза кесті. |
Облыстық сот баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сүйенсек, олардың төртеуі алты жылға, екеуі үш жылға сотталып, мүліктері тәркіленді.
Іс материалдарына сүйенсек, күдіктілер өткен жылдың қараша-желтоқсан айларында Чувашка ауылындағы магистральді мұнай құбырын тесіп, 128 тонна мұнай өнімін ұрлаған. Олар «Жайықмұнай» ЖШС-не 15 млн теңгеден астам залал келтірді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін