Жарияланды: 360

Батыс Қазақстан облысында 7 адам көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болды

Батыс Қазақстан облысында 7 адам көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қайғылы оқиға Оралдағы жеке меншік үйлердің бірінде болды. Салынып жатқан жеке меншік моншада төсектің төсеніші тұтанған. Соның салдарынан жеті адам көмірқышқыл газынан уланып оқиға орнында мерт болды. Мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің бөлімшелері өрттті сөндіруге атсалысқан жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін