Батыс Қазақстан облысында "Алла Аят" атты діни ағымның жетекшісі емшілікпен заңсыз айналысқаны үшін жауапкершілікке тартылды
Алматы. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында "Алла Аят" атты діни ағымның жетекшісі Фатима Кутуева емшілікпен заңсыз айналысқаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Шыңғырлау аудандық сотының ағымдағы жылдың 14 шілдесіндегі қаулысымен Ф. Кутуева ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 332-бабының 4-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 150 АЕК мөлшерінде, яғни 175 200 теңге айыппұл төлеу және арнаулы рұқсат дипломынан 5 ай мерзімге айыру жазасы жүктелді. Қазір қаулы күшіне енді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін