ТЖМ мәліметінше, 14 шілдеде Жаңабұлақ кентінде, Оралдан 110 шақырым жерде сағат 12.08-де жергілікті тұрғын снарядқа ұқсас металл зат тауып алған. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, арнаулы шаралардың барысында табылған заттың азаматтық соғыс дәуірінен қалған 76 мм-лік снаряд екені анықталды.
Снарядты ҚР ІІМ мамандары қауіпсіз жерде жойды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті