Батыс Қазақстан облысында баспанаға алынған несиелерді қайтарып алу жағдайы ушыға түсуде - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында  баспанаға алынған несиелерді қайтарып алу жағдайы ушыға түсуде

Батыс Қазақстан облысында баспанаға алынған несиелерді қайтарып алу жағдайы ушыға түсуде

Орал. 13 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысында баспанаға алынған несиелерді қайтарып алу жағдайы ушыға түсуде, деп хабарлайды агенттік тілішісі.

  • 13 Қараша 2007
  • 383
Фото - Caravan.kz

«Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік тұрғын-үй бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінген несиелерді қайтаруға байланысты жағдай ушығуда «, — деген мәлімдемені ҚР Ұлттық банк филиалының директоры Борис Ізбасаров банк жиналысында жасады.

Оның сөзіне сүйенсек, «2007 жылы облыс республикалық бюджетке баспана сауда- саттығынан 2 млрд 400 млн теңгені қайтаруы керек». «Баспанадан біз екінші деңгейдегі банктер 1 млрд 700 млн теңге жинадық. 700 млн теңгесі әлі қайтарылмай отыр», — деді Б. Ізбасаров.

Облыстың бас банкирі айтқанындай: «Бүгінде пәтерлер пайдалануға тапсырылса да, қоныстанған адамдар, екінші деңгейдегі банктерден несие ала алмауда. Бұл мәселені 2007 жылдың соңына дейін шешуіміз керек. Әйпесе, облыстағы арзан баспана құрылысы тоқтап қалуы мүмкін».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті