«Облысымыздың аумағында бірегей Қарашығанақ кен орыны орналасқан. Алайда, оған қарамастан облыс тек 47 пайызға ғана газдандырылған. Қарашығанақтың қасында тұрып, газ болмау деген не деген масқара! Бұл, әсіресе, ауылдары кен орынына тиіп тұрған Бөрілі ауданына қатысты. Сондықтан, 2009 жылғы жоспарларда Бөрілі ауданын газдандыруға басымдық беріледі. Біз бұл мәселені шешуіміз керек», — деп хабарлады Б. Ізмұхамбетов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті