Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, заңсыз кәсіпкерлік қызметіне қолдау көрсеткені үшін кеден қызметкерлері жауапқа тартылды, соның ішінде жетеуі сыбайлас жемқорлық жағдайына апаратын заң бұзушылықтарын жасаған.
Прокурорлық тексерулер бойынша, ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің балық шаруашылығы комитеті тарапынан берілетен тиісті құжатының жоқтығына қарамастан, балықты тасымалдауға рұқсат етіліп, тауарларды шығару сертификаттарынсыз, бағасы белгіленген кедендік құннан төмендетіліп көрсетілген 147 кедендік жүк декларациясының рәсімделгендігі анықталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті