Батыс Қазақстан облысында күкіртті сутектен уланған оқушылар шипажайда емделеді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында күкіртті сутектен уланған оқушылар шипажайда емделеді

Батыс Қазақстан облысында күкіртті сутектен уланған оқушылар шипажайда емделеді

Батыс Қазақстан облысында Қарашығанақ кенішінен ауаға таралған күкіртті сутектен зардап шеккен Березов ауылының оқушылары шипажайда емделетін болды.

  • 9 Желтоқсан 2014
  • 427
Фото - Caravan.kz


«Шипажай бүгін таңертең алғашқы 20 баланы қабылдады. Олар Березов орта мектебінің 7-8-сынып оқушылары. Пән мұғалімдері де шипажайға орналастырылады. Бұл оқушылардың сабақ кестесінен кешігуіне жол бермеу мақсатында жасалып отыр», — деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Мектепте оқитын 170 оқушы толықтай дерлік шипажайда оңалтылады.
Әкімдік мәліметінше, 28-қарашадан бері 90 адам дәрігерлер көмегіне жүгінген. Қазір үш бала ауруханада емделіп жатыр.