Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкері село тұрғынын ұрып өлтірген - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкері село тұрғынын ұрып өлтірген

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкері село тұрғынын ұрып өлтірген

Батыс Қазақстан облысында Январцево селосы учаскелік инспекторының көмекшісіне село тұрғынын ұрып өлтірді деген айып тағылып отыр.

  • 12 Қаңтар 2015
  • 284
Фото - Caravan.kz


Оған денсаулыққа әдейі аса ауыр залал келтірді, деген айып тағылды, ол қамауға алынды, деп хабарлады дүйсенбіде Оралда облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасар Берік Утеулин.
Оның ақпаратына қарағанда, 8-қаңтар күні учаскелік инспектордың көмекшісі полиция бөлімшісінен көмек сұраған, түнде үйімнің алдына үсті қан ер адам келді, деп айтқан. Оның айтуынша, ол ер адамды үйіне кіргізіп, өзі медициналық көмек сұрап кеткен. Бірақ ол келгенде, ол адам қаза болыпты.
Дегенмен, учаскелік инспектордың көмекшісіне күдік келтірілді.
"Дәйектердің арқасында ол кінәсін мойындады. Оның айтуынша, екеуі ренжісіп қалған көрінеді, сосын ол оны ұрып соққан. Артынан қорқып, шын мәнінде дәрігерге жүгіріп барған, бірақ ол келгенше зардап шегуші қайтыс болған.