Батыс Қазақстанда 256 миллиард теңгеге 31 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстанда 256 миллиард теңгеге 31 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Батыс Қазақстанда 256 миллиард теңгеге 31 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Батыс Қазақстан облысында индустрияландыру картасы шеңберінде облыста 256 миллиард теңгеге 31 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

  • 5 Қараша 2012
  • 326
Фото - Caravan.kz

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының міндетін атқарушы Миржан Сатқановтың айтуынша, күні бүгінге дейін осы жобалар негізінде 1100 тұрақты жұмыс орны ашылған. 2010 жылы 9 жоба, 2011 жылы 11 жоба іске қосылып, көрсетілген екі жыл ішінде 846 (580 және 260) жұмыс орны пайда болды. Ал ағымдағы жылы 5,2 миллиард теңгеге 10 жобаны жүзеге асыру көзделуде. Жобалар мерзімінде іске қосылған жағдайда жаңа жұмыс орындарының саны тағы да көбеймек. Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында 3,1 миллиард теңгеге 4 жоба жүзеге асырылып, 260 жұмыс орны құрылған. Қалған 6 жобаны осы жылдың аяғына дейін іске қосу жоспарлануда. Бүгінгі таңда екінші жартыжылдық жобаларының екеуі игерілді. Оның бірі — «Желаев астық өнімдері комбинатындағы макарон цехы, екіншісі — кондитерлік цех («Попков» ШҚ). 4 жобаға қатысты жұмыс кестеге сәйкес жүруде. Тағы бір жоба келер жылдың еншісінде. Бұл жобаға сәйкес 2013 жылы құны 2,3 млрд. теңге болатын шойын бұйымдарды өндіру бойынша қолданыстағы қуаттарды жаңғырту жоспарлануда.

Жыл аяғында өтетін дәстүрлі республикалық телекөпірге осы жобалар ішінен БҚО бойынша күшейтілген термо беркітілген әйнек және әйнектен жасалған көп қабатты бөлектеу бұйымдары өндірісі ұсынылмақ. Аталмыш жобаның құны 809,3 миллион теңгені құрайды.

Соңғы жаңалықтар