Батыс Қазақстанда дәрі-дәрмек тиелген көлік отқа оранды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстанда дәрі-дәрмек тиелген көлік отқа оранды

Батыс Қазақстанда дәрі-дәрмек тиелген көлік отқа оранды

Орал-Атырау тас жолында "Газелт" көлігі өртенді, деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.  Ведомствоның мәліметінше, көлік Ақжайық ауданы аумағында Самал елді мекенінің жанында өртенген.

  • 17 Қараша 2021
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Казахстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, көлік Ақжайық ауданы аумағында Самал елді мекенінің жанында өртенген.

"Өрт түнгі 01.15-те сөндірілді. Зардап шеккендер мен көз жұмғандар жоқ. Өрттің шығу себебі мен кінәлілер анықталып жатыр. Өртті сөндіруге бір техника мен бес өрт сөндіруші жұмылдырылды", — делінген хабарламада.

Көлік жеке кәсіпкерге тиесілі. Оның ішінде медициналық препараттар болған. 


Өрт болған жерде полиция қызметкерлері де жұмыс істеді.