Батыс Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып өтілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып өтілуде

Батыс Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып өтілуде

Батыс Қазақстан облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып өтілуде.

  • 31 Мамыр 2011
  • 428
Фото - Caravan.kz

Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада осы күнге арналған шара өткізілді. Онда әдебиетші-ғалым Серікқали Шарабасов жиналған жастарға отызыншы жылдардың зобалаңы жөнінде әңгімелеп берді. Сталиндік зұлмат салдарынан миллиондаған адам қуғынға ұшырап, қаза тапты, қашып құтылғандары шетел асты.

Кітапхана директорының орынбасары Сара Кенжебаеваның айтуынша, кітапханада сол күндерден сыр шертетін құнды кітаптар мен басылымдар баршылық. Онымен кез келген оқырман таныса алады.

Бүгін қалалық бейітте саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойылып, жиын өткеннен кейін еске алу сабағы қалалық мәдениет және демалыс саябағында жалғасады. Ж.Досмұхамедов атындағы педколледж жанында Алаш қайраткері Жаһанша Досмұхамедовке арналған шара өтсе, облыстық қазынашылық департаментінде Е.Тоқсанов пен М.Аммосовқа орнатылған ескерткіш тақталарға гүл шоқтары қойылып, еске алынады.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған шара М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жаратылыстану және география факультетінде де ұйымдастырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар