Батысқазақстандық әмбебап полицейлер жолда үсіп қала жаздаған жүргізушілер мен жолаушыларды құтқарды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батысқазақстандық әмбебап полицейлер жолда үсіп қала жаздаған жүргізушілер мен жолаушыларды құтқарды

Батысқазақстандық әмбебап полицейлер жолда үсіп қала жаздаған жүргізушілер мен жолаушыларды құтқарды

Батысқазақстандық әмбебап полицейлер 30 қаңтарға қараған түні жолда үсіп қала жаздаған жүргізушілер мен жолаушыларды құтқарды.

  • 30 Қаңтар 2014
  • 396
Фото - Caravan.kz

БҚО ІІД әкімшілік полициясы басқармасының аға инспекторы Нұртай Лезовтің хабарлағанындай, сағат 00.20 шамасында жол-патрульдік полиция батальоны қызметкерлері, лейтенант Ноян Халенов пен аға сержант Азамат Жүнісов Орал-Атырау жолының 277-шақырымында «СЕТРА» ныспылы автобус жүргізушісі мен оның 17 жолаушысына көмекке келді. Атыраудан келе жатқан жүргізуші Бектас Мұхамбетовтің айтуынша, қатты аяздан дизельді отын қатып қалған. Полиция қызметкерлері жолаушыларды түрлі көліктермен Оралға аттандырды.

Түнгі сағат 01.30 шамасында сержанттар Шыңғыс Жүсіпов пен Руслан Ғабдуш Самара-Шымкент жолының 2034-шақырымында Өзбекстаннан Ивановоға жол тартқан VOLVO жүргізушісі Өткір Назаровқа, 2040-шақырымында Оралдан Мәскеуге бет алған VOLVO жүргізушісі Сергей Горницкийге қолұшын созып, машиналарын қыздырып берді.