Батысқазақстандық оқушы А.Аронова 125 балл жинады
Батыс Қазақстан облыстық мамандандырылған дарынды балалар мектебінің түлегі Арайлым Аронова кеше ҰБТ сынағынан 125 балл жинады. |
Мектеп директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Нәсіпқали Дәулетовтің айтуынша, басқа да 124, 123 балл жинаған түлектер бар, бірқатарының апелляциялық шағымдары қаралуда.
Жалпы, аталмыш мектептен сынақ тапсырған 32 оқушының ортақ балы 119 (өткен жылы - 120,7) болды, бұл - әзірге ең үздік көрсеткіш. Білім ордасынан 10 түлек «Алтын белгіге» үміткер болса, соның тоғызы қорғап шықты. Сондай-ақ ерекше аттестаттан дәмелі тоғыз шәкірт түгелдей үмітті ақтады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін