Жарияланды: 460

Батысқазақстандық полицейлер есірткі сатып жүрген жас жігітті қолға түсірді

БҚО ішкі істер департаменті есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері есірткі сатумен айналысқан 1986 жылғы Б. деген азаматты құрықтады.

Департаменттің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, іздестіру шаралары мен тергеу амалдарын сауатты жүргізу нәтижесінде оның қала көшелерінде жалпы салмағы 4,66 грамм героин сатқаны анықталды. Ал пәтерін тінту кезінде 1,14 грамм героин тағы табылды. Есірткі сатушы уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін