Батысқазақстандық полицейлер көлігі бұзылып жолда қалған украиналық жүргізушіге көмек көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батысқазақстандық полицейлер көлігі бұзылып жолда қалған украиналық жүргізушіге көмек көрсетті

Батысқазақстандық полицейлер көлігі бұзылып жолда қалған украиналық жүргізушіге көмек көрсетті

10 ақпан күні сағат 11.00 шамасында БҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасы жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері, полиция капитаны Мейірбек Ғұбайдуллин мен старшина Сергей Плетеный Орал-Озинки жолының 20-шақырымында үсіп қала жаздаған украиналық азаматқа қолұшын берді.

  • 12 Ақпан 2014
  • 359
Фото - Caravan.kz


БҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Нұртай Лезовтың хабарлағанындай, Украинадан Орал қаласына келе жатқан Микола Некращуктің 05.00 сағат шамасында «Рено» жүк көлігі сынып, отыны қатып қалған, өзі әбден тоңған. Көптеген жүргізушілер тоқтағанымен, көмектесе алмаған. Полицейлер жүргізушіні өздерімен бірге қалаға ала кетіп, жаңа қосалқы бөлшек әкеліп, кешкісін жүк тиелген көлік Оралға жетті.