Батысқазақстандық студент ҚазҰУ-да бір жыл тегін оқитын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батысқазақстандық студент ҚазҰУ-да бір жыл тегін оқитын болады

Батысқазақстандық студент ҚазҰУ-да бір жыл тегін оқитын болады

Тасқала ауданындағы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп түлегі, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ІІІ курс студенті Әнел Тасқалиева жуырда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйымдастырған «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың республикалық патриоттық фестивалінің жеңімпазы атанды.

  • 13 Желтоқсан 2013
  • 786
Фото - Caravan.kz


Тұңғыш Президент күніне арналған шараға еліміздің түрлі жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Фестиваль аясында бір ай бойы «Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» атты студенттік әлеуметтік маңызы бар инновациялық жобалар байқауы, «Мен өз елімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» атты студенттік эссе байқауы және «Мен жастарға сенемін!» тақырыбында студенттік поэзиялық азаматтық-патриоттық шығармалар байқауы өткізілді. Фестивальдің бас жүлдесі ҚазҰУ-да бір жыл тегін оқу гранты еді. Ұйымдастырушы комитетке еліміздегі жоғары оқу орындары студенттерінен мыңға тарта жұмыс келіп түсіп, ең үздік 300 автор байқаудың екінші кезеңі — Gala-форумға қатысуға шақырту алды. Gala-форум аясында тақырыптық шығармашылық және пленарлық отырыстар, «Керемет» жастар ресурстық орталығының тұсаукесері өтті. Іс-шараға қатысушылар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттік бизнес-инкубаторы және студенттік клубтардың жұмысымен және студенттік инновациялық жобалар көрмесімен танысты. 300 қатысушының ішінен тек 10 үміткер үздік танылып, Ә.Тасқалиева сол ондықтың ішіне кірген еді. Қазылар алқасының шешімі бойынша Әнел Тасқалиева «Мен өз елімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» атты студенттік эссе байқауы бойынша 1-орынды иеленіп, бас жүлдені қанжығасына байлады. Енді Әнел бір жыл ҚазҰУ-да тегін оқитын болады.