Батыста мұнайшылар наразылық білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыста мұнайшылар наразылық білдірді

Батыста мұнайшылар наразылық білдірді

Маңғыстау облысында мұнайшылар тағы наразылық білдіруде.Бұл жолы «Маңғыстаугеология» компаниясының жұмысшылары бірнеше айдың жалақысын ала алмай жүр. Қара алтын табумен айналысатын қызметкерлерге соңғы рет тек қарашаның айлығы беріліп, кейін өндіріс тоқтап қалған. Ал фирма басшылығын содан қайтып көрген жан жоқ. 

  • 8 Мамыр 2014
  • 393
Фото - Caravan.kz

Құрықтық мұнайшылардың бүгін мерекелік көңіл-күйі жоқ. «Маңғыстаугеология» компаниясында жұмыс істегендердің басым бөлігі жарты жылдық жалақысына қол жеткізе алмай жүр. Кезекті рет жиналғандар маңдай терімен тапқан ақшаларын қалай алатындығын талқылауда.

Мұрат Қалиев, «Маңғыстаугеология» қызметкері:

-8-9 айдан бастап бері қарай жалақы жоқ. Қазір бізде объектілер бар, Бейнеу басында, Бораңқұл селосында.  Халықтың барлығы қарап тұрмайды ғой. Ары қарай жұмысы болады ма, болмайды ма алдымызға келіп бір есебін берсін.

Бұл компанияда екі жүзге жуық адам жұмыс істейді. Қазіргі күнгі есеп бойынша мекеменің қызметкерлер алдындағы қарызы 10 миллионнан асып кеткен. Бірақ өндіріс күзде тоқтап, қондырғылар қараусыз қалыпты. Ал мұнайшылар еңбекақыларын ғана емес, өз құжаттары мен анықтамаларды ала алмай жүр. Себебі директор барлығын қалтасына басып, із суытқан.

Ерқожа Күшкінов, «Маңғыстаугеология» қызметкері:


–Барлығын сатып жіберген. Қара халық деген қалай өмір сүреді?! Светіміз бар, үйге төлеуіміз керек, біреуінің кредиті бар. Барлығына ақша керек. Ешкім қиналмайды да бірақ.

Мекеменің филиалында қазір күзетшіден басқа тірі жан жоқ. Қақпадан ары аса алмаған мұнайшыларға басу айту үшін жергілікті әкімдерге шығуға тура келді. Шенділердің айтуынша, қылмыстық іс қозғалып, қарызды қайтару жайлы сот шешімі де шығыпты.

Әділбек Дауылбаев, Қарақия ауданының әкімі:

– Қазіргі таңда бұл мекеменің шотында 10,5 млн теңге түсті. Сол қаражатты сіздердің ақшаларыңызды беру үшін тиісті құжаттар болуы керек.  Бұл қаражат мекеменің қарызын қайтаруға жетпейді. Бұл жерде 22 миллионнан 28 миллионға дейінгі бережақтың есебі шығып отыр.

Әкімнің сөзіне сенсек бір бұрғылау қондырғысы сатылған жағдайда жұмысшылардың ақшасы толық қайтарылмақ. Сондықтан компанияның дүние-мүлкі тәркіленіп, жуырда аукционға шығарылатын болады.