Батыста мұнайшылар тағы бас көтерді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыста мұнайшылар тағы бас көтерді

Батыста мұнайшылар тағы бас көтерді

Маңғыстау облысында мұнайшылар тағы наразылық білдіруде. Жетібай ауылындағы мұнай компаниясының жүзден астам қызметкері жұмыс орындарын тастап, еңбекақыларының көтерілуін талап етіп жатыр.

  • 4 Сәуiр 2014
  • 225
Фото - Caravan.kz

Құбырлар мен бұрғылау құрылғыларын жөндеумен айналысатын мекеме, Жетібайдағы барлық мұнай өндіретін орындарға қызмет көрсетеді екен. Бірақ жұмысшылардың бас көтеруіне орай осымен екінші күн жұмыс тұралап қалған. Олардың барлығы өз жалақысының аздығы мен берілетін әлеуметтік көмекке көңілдері толмай отыр. Айтуларынша ауыр жағдайда қызмет етіп, аз ақша алатын көрінеді. Басшылық алдына қойған талаптарының ішінде жалақыны 50 пайызға көтеру, шипажайда демалу және демалыс ақысын өсіру бар. Ал  компания әзірше 20 пайызға жалақыны көтергенімен, наразылық білдірушілер онымен  келіспей отыр.


Мырзабек Тезенов, мұнайшы:

10 еді, бүгін 20 қылды. Үстінен он қосып, біз оған келіспейміз. Ол 20 мың теңге дымға да жетпейді.