Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Gazeta.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Секс қызметкер Алинаның бұл салада жұмыс жасап жүргеніне жеті жыл болған. 24 ақпаннан бері жағдайы нашарлаған. Украинада соғыс басталғалы бері бұрынғы клиенттерінен ғана емес, пайдасының басым бөлігінен айырылып қалған.
Ал он жыл тәжірбиесі бар Ольга Қазақстанға келмек, өйткені ол жерде Ресейге қарағанда кішкене болсын пайда бар көрінеді.
"Мен бірге жұмыс жасаған үш қыз Қазақстанға кетті, оларды эскорт құрбылары шақырған. Ол жақта аз табады, бірақ өмір сүру де арзан. Мен де сол жаққа көшсем деген ой бар", — деді Ольга.