Бауырсақтың ішіне салған: Қызылоралық әйел тергеу изоляторындағы бауырына телефон бермек болды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бауырсақтың ішіне салған: Қызылоралық әйел тергеу изоляторындағы бауырына телефон бермек болды

Бауырсақтың ішіне салған: Қызылоралық әйел тергеу изоляторындағы бауырына телефон бермек болды

Қызылордадағы тергеу изоляторына бауырсақтың ішіне телефон салып өткізбек болған.

  • 7 Қазан 2020
  • 10
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Құрылғы фольгаға оралған. Сәлемдемені әкелген әйел ұсталды. Ол ұялы телефон қамауда отырған ағасына арналғанын айтты. Бауырсақтың ішіне ол смартфонның қуаттағышын да салған.

Осы іс бойынша барлық материалдар сотқа берілді.

Жалпы, жыл басынан бері қалада қамаудағыларға тыйым салынған заттарды берудің 15 әрекеті тіркелді. Олардың үшеуі соңғы аптада анықталған.

"Есірткінің берілуіне байланысты 7 факт анықталды, тағы сегіз факт — ұялы телефондарды беру. Барлық тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды", — деді облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Шаймерден Есенгелдиев.