Жарияланды: 30

Бауыржан Бәйбек: Алматы – бизнеске қолайлы қала

Бауыржан Бәйбек: Алматы – бизнеске қолайлы қала Сурет - baq.kz

Қазақстан тұрғындарының 10% астамы және агломерациямен есептегенде 3 млн жуық халық Алматыда тұрады.

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек «Almaty Invest» халықаралық форумында айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

Форум барысында қала әкімі Алматы тұрақты даму жолын ұстанатындығын, экономикалық ынтымақтастық және Даму ұйымының стандарттарына, үздік әлемдік тәжірибелерге сүйенетіндігін жеткізді.

«Қазақстан тұрғындарының 10% астамы және агломерациямен есептегенде 3 млн жуық халық Алматыда тұрады. Халықаралық консультанттардың бағалауы бойынша 2035 жылға қарай халық саны екі есеге өседі. Осыған қарай алғашқы 15 жылда бізге еңбек өнімділігін кем дегенде екі есеге арттыруға, экономиканың жыл сайынғы өсімін 5% кем емес деңгейге және зияткерлік секторларда 700 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға қол жеткізуіміз керек», -деді ол.

Сонымен қатар ол қаланы дамытудың негізгі драйвері бизнес екендігін айта келе Алматы қаласының артықшылықтарын атап өтті.

«Алматыда қолайлы бизнес орта қалыптасқан. «Doing Business» рейтингінде биыл Қазақстан әлем бойынша 28 орынға шықты. Бұл рейтинг Алматы қаласы бойынша есептеледі. Сонымен қатар, Үкімет бизнесті жеңілдету бойынша реформаларды кезең-кезеңімен іске асыруда. Олардың барлығы Алматыда енгізілген. Осының арқасында Алматы тек елімізде ғана емес, Еуразиялық Одақ арасында да көш бастап тұр», - деді Бауыржан Байбек.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін