Баян Есентаева ойда-жоқта тоналып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баян Есентаева ойда-жоқта тоналып қалды

Баян Есентаева ойда-жоқта тоналып қалды

Жеңіс Ысқақова төбетіне қалыңдық іздеп жүр. Меруерт Түсіпбаеваның тойы болды. Ал продюсер Баян Есентаева ойда-жоқта тоналып қалыпты. Бұл – арнамыздан жуырда тұсауы кесілген жаңа бағдарлама - «Жұлдызды ақиқаттың» кезекті ұсынар жаңалықтарының бір легі ғана. Өйткені отандық шоу-бизнес қой жылының басын бұдан да көп қызықпен толтырып отыр. Солардың бірқатарын ертең 19:45-те «КТК» телеарнасынан көріп-білесіздер.

  • 9 Қаңтар 2015
  • 493
Фото - Caravan.kz

— Жүгір, жүгір!

Бұл – әнші Жеңіс Ысқақованың үйіндегі Ғұн патшасы Аттиланың есімі берілген ірі төбет. Екі ұлынан кейінгі үшіншісі іспеттес әлпештейтін.

Жеңіс Ысқақова, әнші:

— Кішкентайынан көзім көріп, баққаннан кейін айтып отырмын. Біздің үйдің бұл бір мүшесіндей болып кетті.

Сондықтан әнші бәрінен де осы отбасы мүшесіне арнап бірінші той жасауға мәжбүр болатын тәрізді. Яғни, егер Аттилаға тең төбет табылып жатса, Жеңіс «келін» түсіруге дайын.

Жеңіс Ысқақова, әнші:

— Осы мен итіме бір күшіктеріңіз болса, қыз күшіктер болса, берсеңіздер! Құда болсақ.

Той демекші, тағы бір думан әнші әрі актриса Меруерт Түсіпбаеваның үйінде де бар. Бірден айтамыз, кербез қыз ұзатылғалы жатқан жоқ. Бар болғаны, екі аптадан бері құрбыларымен бір ерекше қуанышты жуып жүр.

Меруерт Түсіпбаева, әнші:

— Ыстық тамақ беріледі. Біреуі балық. Екіншісін достарым әркім өзін ас мәзірін алып, өзі таңдасын деген шешімге келдім.

Сондай-ақ, шоу-бизнестегі №1 продюсер Баян Есентаеваның тоналғанын естідіңіз бе? Ал Арманай есімді жас әншінің Халық әртісі Мақпал Жүнісоваға нендей қатысы бар? Корей жұлдызы Псайдың қазақтарға ренжуіне не себеп? Олай болса, әр жұмада арнамыздан шығатын «Жұлдызды ақиқаттың» кезекті санын жіберіп алмаңыз!

Айтпақшы, Жаңа жылдық думанда тыным таппай жұмыс істеген әртістер кімдер? Оны да естімеген боларсыз! Қазір ол жұлдыздар жинаған ақшаларын шетелде шашып жүр. Бұл да «Жұлдызды ақиқатта» жеке-жеке, есімдері аталып тұрып айтылмақ. Сонымен, ертең 19:45-те «КТК» эфирі қосулы болсын!