Баян Есентаеваның қалай соққыға жығылғанын оқиға куәгері айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баян Есентаеваның қалай соққыға жығылғанын оқиға куәгері айтып берді

Баян Есентаеваның қалай соққыға жығылғанын оқиға куәгері айтып берді

 

  • 11 Маусым 2016
  • 2932
Фото - Caravan.kz


Белгілі продюсер Баян Есентаеваның қалай соққыға жығылып, пышақталғанын оқиға куәгері айтып берді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ал күдікті ретінде оның күйеуі тергелуде. Оқиға кеше тапа-тал түсте Алматы облысындағы Құлжа трассасының бойындағы Еңбекші ауылының маңында болған. Куәгердің айтуынша, жанармай құю бекетіне қарама-қарсы жақта, жол жиегінде екі автокөлік тұрыпты. Қасында ер адам мен әйел айғайласып жатқан. «Басында қыз бен жігіт ұрсысып жатқан болар деп мән бермедік. Ал олардың танымал адамдар екенін кейін білдік» дейді куәгер. Оның айтуынша, әлгі көліктер сол жерде 15-20 минуттай тұрған. Есентаеваны соққыға жығып, пышақтағаннан кейін олар кетіп қалыпты. Жедел жәрдем мен полиция оқиға орнына бірнеше минуттан соң келген. Баян Есентаева Талғар ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Қазір ол ондағы жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр екен. Алматы облыстық ІІД-нің өкілдері осы оқиғаға қатысты «қасақана ауыр жаралады» деген баппен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Бұл іс бойынша продюсердің күйеуі күдікті болып отыр.

Соңғы жаңалықтар