Жарияланды: 370

Бейруттегі жарылыста Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ - ҚР СІМ

Бейруттегі жарылыста Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ. Бұл туралы бүгін Астанада өткен дәстүрлі брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

Естеріңізге сала кетейік, 19 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 14:50-де Ливан астанасының Ашрафие ауданындағы христиан кварталдарының бірінде жарылыс орын алды. «Ресми мәліметтерге сәйкес, жол бойында тұрған автокөлікте орналастырылған тротил эквиваленті бойынша 30 килограмм жарылғыш заттарды жару арқылы іске асырылған. Оның нәтижесінде 8 адам қаза тауып, 94 адам жарақат алған. Қаза тапқандар немесе жарақат алғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ», - деді А. Әбибуллаев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін