Бейсен Құранбек екінші рет ажалдан аман қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бейсен Құранбек екінші рет ажалдан аман қалды

Бейсен Құранбек екінші рет ажалдан аман қалды

Белгілі журналист Бейсен Құранбек жансауқтау бөлімінен шыққанын, бір жарым жылда екінші рет аман қалғанынын айтты.

  • 26 Ақпан 2019
  • 16851
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Дәрігерлерден айналдым! 
Соңғы бір жарым жылда екінші рет аман алып қалды. Бұл жолы асқазан жарасы ашылып, гемоглобин 61-ге түсіп кетіпті (бәрін жүрекке жақын қабылдаудың нәтижесі…). Жан сақтау бөліміндегі жанталастан аман шықтық, бастысы. Енді палатада "постельный режимде" рақаттанып жатқан жай бар🤗. Сәл демалып, ем алып шығайын, сосын, қарбалас тірлікке қайта кірісем. Тек енді денсаулықты шындап қолға алу керек. Әйтпесе, ақ xалатты абзал жандардан әбден ұят болды", — деп жазды журналист.

Бұл жазбаны көрген желі оқырмандары танымал журналистке амандық пен саулық тіледі.


 

Соңғы жаңалықтар