Жарияланды: 16100

Бейсен Құранбекті қараған емші: "Бүкіл қазақтың өксігін жинап алыпсың, қарағым-ау!"

Бейсен Құранбекті қараған емші: "Бүкіл қазақтың өксігін жинап алыпсың, қарағым-ау!"

Танымал тележүргізуі Бейсен Құранбек өмірден озды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Бейсен Құранбек 49 жасына қараған шағында, айықпас дерттен көз жұмды. 

Бұған дейін талай емші-дәрігерлерге қаралып емделген. Бұл туралы әріптесі Дана Нұржігіт желідегі парақшасында жазды. 

 

"Қимас досым,жанашыр әріптесім,журналистика,оның ішінде телевизия журналистикасында ҚҰБЫЛЫС болған саңлақ- Бейсен Құранбектен айрылып қалдық,ағайын!
Бейсенді қараған емшілердің бірі, "бүкіл қазақтың өксігін жинап алыпсың,қарағым-ау!" деген екен...
Нардың жүгін арқалап жүріп,айықпас ауруға шалдыққаныңды өзің де сезбей қалдың,Бейсеке...
Қазаққа ұл болған Бейсеннің жақындарына,соңғы деміне дейін қасында болып,кеше кешке өзім сөйлескен жары Гүлмираға,әкесінің қос шынары-қыздарына,90-нан асқан аяулы анамыз бен бауырларына қабырғамыз қайыса, қайғырып көңіл айтамыз!
Бақұл бол,досым!".

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Дана Нұржігіт (@dana_nurzhigit) on

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін