«Бейшара қазақтар, төреші сатып алуға барды»: Өзбектер Хасанбой мен Бибосыновың жекпе-жегі туралы не жазып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Бейшара қазақтар, төреші сатып алуға барды»: Өзбектер Хасанбой мен Бибосыновың жекпе-жегі туралы не жазып жатыр

«Бейшара қазақтар, төреші сатып алуға барды»: Өзбектер Хасанбой мен Бибосыновың жекпе-жегі туралы не жазып жатыр

Кеше Токио Олимпиадаcының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов Белградта өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында өзбекстандық Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовты жеңіп кеткені белгілі.

  • 27 Қазан 2021
  • 20200
Фото - Caravan.kz

Вел Баркер кубогының иегері өзбек боксшысының бірінші жекпе-жектен жарыс жолынан шығып қалуы өзбек қаумына қатты тиді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Көпшілігі бір ауыздан сайс әділ бағаланған жоқ деді. Әсіресе әлеуметтік желіде түрлі жағымсыз пікірлер қарша борады. Көпшілігі төмендегідей мағынада:

Рашит Омуров: Мүлдем әділетсіз, егер 10-12 раунд болғанда Хасанбой қазақты нокаутқа түсіретін еді

Ахмад Борихонов: Қазақ боксшысын құттықтаймын, бірақ Хасанбой жақсы жұдырықтасты.

Хумирджон: «Қазакстандық бауырларымызға үлкен сәлем ! Жеңіс құтты болсын !

Рамзан: «Бұл сенсация емес Хасанбой мықты болды, Сәкен оны біледі, болашақта шындық  шығады

Дильмурод Эркин: Үш раунд бойы қашып жүрді және жеңіп кетті. Бұлай да болады екен-ау

Шахмордон: Хасанбой төрешілердің құрбаны болды

Мұндай театр кімге керек. Артаев өз елін қолдап отыр

Шохибиржон Жахонгир
: Мен Бибосыновтың бір де бір дәл соққсысын көрмедім

Умар Мұхамедов: Үш рет көрдім, қазақ боксшысының бір де бір дәл соққысын көре алмадым, төрешілер дұрыс емес сияқы

Miri: Бұл жеңіс емес, ұят. Дусматовты ашықтан ашық лақтырып кетті, 2017 жылғы әлем чемпионатындағы финалдағы сияқты.

UzBoxing Day: Бейшара қазақтар арбитр сатып алуға барды!

Салмон: Бойы серейіп қашып жүрді, әйтеуір жеңісті бере салды қазақтарға!

Дей тұрғанымен өз жанкүйерлеріміздің де кейбірі Сәкен Бибосыновтың техникасын әлі жетілдіру қажеттігі, физикалық күші жетіспейтіні жайлы сын пікірлер айтып жатты.

 

Соңғы жаңалықтар