Бейжің Эболаны жұқтыру оқиғасын жоққа шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бейжің Эболаны жұқтыру оқиғасын жоққа шығарды

Бейжің Эболаны жұқтыру оқиғасын жоққа шығарды

 Қытай астанасының денсаулық сақтау органдары бейсенбі күні жақында Бейжіңде Эбола індетін жұқтырудың бірінші оқиғасы туралы тараған алып-қашпа әңгімені жоққа шығарды, деп хабарлайды «Global Times».

  • 6 Ақпан 2015
  • 232
Фото - Caravan.kz

Бейжіңнің кейбір тұрғындарының олардың қаласында соңы өлімге соқтыратын індетке шалдыққандардың бар екені туралы алып-қашпа әңгіме Бейжіңнің денсаулық сақтау және отбасын жоспарлау бойынша қалалық комиссиясының ауруханалар, әуежайлар және басқа ұйымдарға Эбола анықталған кездегі шұғыл шаралар жоспарын даярлаудан кейін пайда болды.

«Бұл қарапайым ғана тәжірибе, жоспар биылғы жылдың 19 қаңтарында әзірленді. Ол әуежайлар, теміржол вокзалдары және басқа да өткізу пунктерінде Эбола індетін жұқтырған науқастарды анықтау кезіндегі әрекеттердің түрлі сценарийлерін көздейді», — деп жазады басылым Бейжіңнің аурудың алдын алу және бақылау орталығындағы қызметкерлерінің бірінің сөзін келтіріп.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі кезде әлемнің 9 еліндегі 22495 адам Эбола індетіне ұшырап, соның 8981-і көз жұмған.