Жарияланды: 600

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 18-ші съезі ашылды

Бүгін Бейжіңде жергілікті уақыт бойынша сағат 9-да Халықтар жиналысының үйінде Қытай Коммунистік париясының (ҚКП) 18-ші съезі ашылды.

ҚКП Орталық Комитетінің бас хатшысы Ху Цзиньтао өз баяндамасында Қытай қытайлық өзгешелікпен соцализм жолымен жүруді жалғастыратындығын атап өтті. Кеше, 7 қараша күні 18-ші съездің баспасөз хатшысы Цай Минчжао журналистерге ҚКП ОК-нің бас хатшысы Ху Цзиньтао съезд барысында есептік баяндамасын оқитындығын мәлім етті. Онымен қоса ұйымдастырушылар съезд ашық өту үшін журналистерге барынша жағдайлар жасалатындығын тілге тиек етті. Баспасөз хатшысының сөзіне қарағанда, съезд Қытай Компартиясының Жарғысына түзетулер енгізеді. Жарғыда «ғылыми даму теориясының жаңа түсіндірмелері» қамтылатын болады. Цай Минчжао уәде еткендей, ҚКП ОК саяси бюросының болашақ құрамы журналистерге шығып, сұхбат беретін болады. Естеріңізге сала кетейік, ҚКП-ның алғашқы съезі 1921 жылы Шанхайда өткен болатын. Ол Гуанчжоу, Ухань қалаларында және бір рет Қытай аумағынан тыс - Мәскеуде өтті. Съездің ашылуына байланысты кеше Қытай астанасында қауіпсіздіктің барлық шаралары қолға алынды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін