Бекболат Тілеухан оқушыларға әліппені қайтаруды талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бекболат Тілеухан оқушыларға әліппені қайтаруды талап етті

Бекболат Тілеухан оқушыларға әліппені қайтаруды талап етті

Тілеухан 1-ші сынып оқушыларына бір ғасырдан астам тарихы бар әліппені қайтаруды талап етті.

  • 3 Қараша 2016
  • 1198
Фото - Caravan.kz

Оның орнына «Сауат ашуды» енгізген Білім министріне бүгін мәжілісмен шүйлігіп, өзімен бірге ала келген кітаптың қатесін жайып салды, деп хабарлайды КТК.

-Тілі жеңіл, 105 жылдық тәжірибеден өткен «Әліппе» неден тәрік болды, неден жазықты болды, Ерлан Кенжеғалиевич? Ешқандай сараптама, қоғамдық талқы болмастан жарқ ете қалды мына «Сауат» ашуыңыз. Сондықтан да шикі, бағдарлама ауыр. Іші толған қайшылықтар. Бір әріпті үйренуге төрт-бес сабақ арналған. Бала деңгейі ескерілмеген. Ата-ана да наразы, мұғалім де наразы, қоғам да наразы, деді Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан.


Осылайша, депутат Білім министрі Сағадиев мектеп табалдырығын енді аттаған балалардың обалына қалды деп отыр. Тілеухан, тіпті, сол оқулықты Мәжіліске ала келіпті. Жаңа пәннің сыртқы мұқабасы мен ішіндегі бағдарламасын айтпағанда, «Сауат ашу» деген атының өзі тұнып тұрған қате  дейді депутат. Оның үстіне Әліппені алып тастамас бұрын, Білім министрлігі  ата-аналар, ұстаздармен мүлдем кеңеспеген. Халық қалаулысы мектептердегі  үштілділікке де шүйлікті. «Әлі ана тілінде әріп танымайтын балаға ағылшынды қоса оқыту қате, сондықтан, бірінші сыныптардан шет тілін де алып тастау керек» дейді Бекболат Тілеухан.

Соңғы жаңалықтар