Бірінші сыныпқа баратындардың барлығы мектепке қабылданды- министрлік - kaz.caravan.kz
  • $ 464.02
  • 536.18
+37 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бірінші сыныпқа баратындардың барлығы мектепке қабылданды- министрлік

Бірінші сыныпқа баратындардың барлығы мектепке қабылданды- министрлік

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова мектеп табалдырығын алғаш аттайтын оқушыларды қабылдауға қатысты түсінік берді.

  • 18 Тамыз
  • 1
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында Астанадағы мектептерде бірінші сынып балаларына қатысты орын тапшылығы жөнінде сұрақ қойылды.

Өз кезегінде Шынар Ақпарова биыл құжаттарды қабылдау платформа арқылы іске асқанын айтты. Бастапқыда техникалық мәселелер анықталып, кейіннен оның бәрі реттелді.

«Биыл еліміз бойынша 1-сыныпқа 380 мыңнан астам баланы қабылдау жоспарланған. Өтінімді қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады. Сондықтан барлық оқушы бірінші сыныпқа қабылданады», — деді вице-министр.