Операция барысында 5 тоннадан астам бекіре және ақбалық тәрізді құнды балық тұқымдары тәркіленді. Су полициясы құқық бүзушылыққа байланысты 14 оқиғаны әшкереледі. 10 іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, олардың алтауы сотқа жіберілді. Қалғандары таяу уақытта сотқа жолданады деп күтілуде.
Жалпы алғанда 2 айдың ішінде 28 дана балық аулау құралдары мен қайықтар, 2 мың метрге жуық ау , 3 мыңнан астам дана қармақ тәркіленді.