Беларусь Республикасының премьер-министрі 12-13 қыркүйекте жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Беларусь Республикасының премьер-министрі 12-13 қыркүйекте жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді

Беларусь Республикасының премьер-министрі 12-13 қыркүйекте жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 10-қыркүйек. АСТАНА. Беларусь Республикасының премьер-министрі Сергей Сидорский 12-13 қыркүйекте жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

  • 10 Қыркүйек 2007
  • 416
Фото - Caravan.kz

Сергей Сидорский сапар аясында Астана мен Павлодар облысында болады.

Бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаевтың құлағдар еткеніндей, Беларусь премьер-министрінің сапары Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының дипломатиялық қарым-қатынастарының орнауына 15 жыл толуына және Астанада «Беларусь ЭКСПО-2007» Ұлттық сауда көрмесінің өткізілуіне орайластырылған.

«Сапар барысында Беларусь үкіметінің ресми келіссөздермен қатар Беларусь Ұлттық сауда көрмесінің, сондай-ақ Астана мен Павлодар қалаларында орналасқан өнеркәсіп және құрылыс нысандарының ашылуына, Астанада өтетін іскер топ өкілдерінің форумына қатысуы жоспарланған»,- деді Е.Ашықбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті